Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концерт барысында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында қала тұрғындарына интернет алаяқтықтың алдын алу және құқық бұзушылыққа жол бермеу бағытында ақпарат берілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға интернеттегі қауіп-қатерлерден сақтану жолдары түсіндіріліп, құқықтық сауаттылық пен киберқауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы айтылды.
Қауіпсіз қоғам – әр азаматтың жауапкершілігінен басталады!


