«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен педагогтерге арналған «Заманауи сабақ: жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды интеграциялау» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинар барысында білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақ құрылымына кіріктіру және педагогтің кәсіби тәжірибесін жаңа форматта жетілдіру мәселелері қарастырылды.
Вебинар тренері, Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедраның аға оқытушысы — Дюсенова Меруерт Мадениетовна педагогтерге оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастыруда цифрлық шешімдерді тиімді қолданудың практикалық жолдарын ұсынып, заманауи білім беру талаптарына сәйкес әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар цифрлық құралдарды қолдану арқылы сабақ мазмұнын жетілдіру бағытында тәжірибелік дағдыларын нығайтып, өз пәндік ерекшеліктеріне бейімделген білім беру шешімдерін әзірледі.



