ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ - ЕҢБЕК АДАМЫН ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАДАМ

Қызылорда қаласында өңірлік коалиция өкілдері «Абзал и К» компаниясының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында ұжымға жаңа Конституция жобасының мән-маңызы түсіндіріліп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырылды.

Аумақтық коалиция жетекшісінің орынбасары Гүлшат Мұсаева жаңа Конституция жобасында отбасы құндылықтарына ерекше назар аударылғанын атап өтті. Оның айтуынша, Ата заңда неке мен отбасы институтын қорғау, ата-ана мен бала құқықтарын сақтау, сондай-ақ дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға бағытталған нормалар нақтыланған.

Ал коалиция мүшесі Дәурен Сейтжанов жаңа Конституция жобасында кәсіпкерлікті дамыту мен әлеуметтік саланы қолдауға қатысты маңызды өзгерістер қарастырылғанын айтты. Онда мемлекет кәсіпкерлік бастамаларды қолдап, экономикалық еркіндікті дамытуға жағдай жасайтыны және азаматтардың еңбек ету, әлеуметтік қорғау, білім алу мен медициналық қызмет алу құқықтары нақты бекітілгені атап өтілді.

Кездесу барысында ұжым мүшелері өз пікірлерін білдіріп, еңбек құқығы мен әлеуметтік кепілдіктердің нақтылануы ауыл еңбеккерлері үшін аса маңызды екенін айтты. Олар жаңа Конституция жобасын еңбек адамын қолдауға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT