Жаңа Қазақстан – тазалықтан басталады

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында “Аққу”бөбекжай-бақшасының ұжымы да өз үлесін қосты.

«Жаңа Қазақстан»-бұл тек ауқымды реформалар ғана емес, ең алдымен әрбір азаматтың өз ауласынан, өз көшесінен басталатын тазалық пен тәртіп. Осы ұстанымды басшылыққа алған «Аққу» ұжымы мекеме аумағы мен іргелес аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.

 

Акция барысында ұжым мүшелері балабақшаның жалпы ауданы 360 шаршы метраумақты күл-қоқыстан тазартып, ағаш түптерін әктеді, гүлзарлар мен ойын алаңшаларын ретке келтірді. Сондай-ақ мекеме қызметкерлері балаларға экологиялық тәрбие беру мақсатында «Таза болса – әдемі» тақырыбында шағын әңгіме өткізді.

 

 

 “Біз кішкентай бүлдіршіндерге тазалықты тек сөзбен емес, іс жүзінде көрсетуіміз керек. «Жаңа Қазақстан» әр отбасынан, әр ұжымнан басталады деп есептейміз. Бүгінгі атқарған жұмысымыз – балаларымызға беретін үлкен тәрбие”– деп түсінік берілді . 

«Аққу» ұжымы мұнымен тоқтап қалмай, тазалықты тұрақты ұстауды, айналаны көгалдандыруды алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр.

Жаңа Қазақстан – тазалықтан басталады! Әрқайсымыз өз үлесімізді қосатынымыз анық . 

 

Алтынгүл Ұзақбайқызы 

“Аққу” бөбекжай-бақша меңгерушісі

 

 
 
 
 
 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT