7 қыркүйектен бастап салымшылар зейнетақы жинақтарының 100 пайызына дейін инвестициялық басқаруға бере алады. Бұған дейін бұл көрсеткіш 50 пайызды құраған.
«БЖЗҚ» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Қозыбақ Құлбарақовтың айтуынша, салымшы зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді өзі қабылдайды.
Сонымен қатар азаматтар инвестициялық басқарушы компанияны өз еркімен таңдай алады. Бұл ретте жинақты тиімді басқару мен инвестициялық табыс алу жауапкершілігі салымшының өзіне жүктеледі.
Мамандар бұл өзгеріс азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттырып, болашақ зейнетақы жинағына жауапкершілікпен қарауына мүмкіндік беретінін атап отыр.
Толық ақпаратты invest.enpf.kz сайтынан алуға болады.



