«ТӘРТІПТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА» АКЦИЯСЫ

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарау және полиция қызметінің маңызын кеңінен түсіндіру мақсатында «Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы ұйымдастырылды.

 Акция барысында жастар полицияның жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қаладағы ахуалды жедел бақылау тетіктері туралы ақпарат алды.

Сонымен қатар, жастар полиция мұражайын аралап, ішкі істер органдарының тарихымен, қызметтік жетістіктерімен және құқық қорғау саласының қалыптасу жолымен танысты.

Іс-шараны Атырау облысы Полиция департаменті мен Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT