Тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Құлсары қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылып, оған түрлі мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары белсене қатысты. Қала тазалығын сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бұл шара жоғары деңгейде өтті.

Сенбілікке аудандық «Жылыой Тазалық» мекемесінің ұжымы да белсенді түрде атсалысты. Аталған мекемеден 70 қызметкер жұмылдырылып, жұмыс барысына 5 самосвал, 1 автогрейдер, 3 погрузчик және 2 «Газель» техникасы тартылды. Бұл өз кезегінде тазалық жұмыстарын жедел әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік берді.
Жалпы сенбілікке 200-ге жуық адам қатысып, қала аумағында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 4 самосвал, 1 автогрейдер, 3 погрузчик, 3 «Газель», 1 пикап және 1 ГАЗ-53 техникасының көмегімен жалпы көлемі 40 тонна қоқыс шығарылды. Бұл көрсеткіш қала тұрғындарының ортақ іске деген жауапкершілігін және ұйымшылдығын аңғартады.
Осындай игі шаралар қаланың көркеюіне, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне негіз болатын маңызды бастамалардың бірі. Қоғамдық іске белсенді қатысып, қала тазалығына бейжай қарамаған барша азаматтарға ризашылық білдіру орынды.
                                               Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT