«ТАЗА ЖАҒАЛАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округінде қоршаған ортаны қорғау, су айдындарының жағалауларын таза ұстау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза жағалау» акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында жағалау аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, шашылған тұрмыстық қалдықтар жиналды.
Мұндай іс-шаралар ауылдың тазалығын сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға және тұрғындардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Су айдындарының жағалауын ластамау, қоқысты белгіленген орындарға тастау және табиғи ортаны таза ұстау — әрбір адамның міндеті.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT