«Таза Қазақстан»: полиция қызметкерлері сенбілікке белсене қатысты

фото видеодан скрин

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Махамбет ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті сенбілік өткізді.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері бөлім аумағы мен оған іргелес жерлерді қоқыстан тазартып, аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ағаштардың түбі ретке келтіріліп, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстар атқарылды.

Сенбілікке бөлімнің жеке құрамы белсенді қатысып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Мұндай шаралар қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттырып, туған өлкенің көркеюіне септігін тигізеді.

Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан экологиялық бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT