Таза Қазақстан - ортақ жауапкершілік пен игі істер бастауы

Ауданда “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбіліктер мен түрлі челлендждер ұйымдастырылуда. Игі бастамаға мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер мен тұрғындар белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығына өз үлестерін қосуда.

Тазалық шаралары барысында көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылып, қоршаған ортаны қорғау мәдениеті насихатталуда. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде экологиялық челлендждер ұйымдастырылып, тұрғындар тазалық сақтауға үнделуде.

“Таза Қазақстан” акциясы – тек сенбілік қана емес, ол табиғатқа жанашырлықпен қарап, туған жерге деген жауапкершілікті арттыратын маңызды бастама.

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT