Таза Қазақстан - ұқыптылықтан басталатын ортақ іс

Таза қоршаған орта - денсаулықтың, жайлы өмірдің және табиғатқа деген құрметтің белгісі.

 Аула, көше немесе саябақтың тазалығы тек коммуналдық қызметтердің емес, әр тұрғынның мәдениетіне де байланысты. Қоқысты белгіленген жерге тастау, ағаш отырғызу, табиғатты ластамау сияқты қарапайым әрекеттер үлкен өзгерістерге бастайды. Осындай жауапкершілік күнделікті дағдыға айналғанда ғана қоршаған орта шын мәнінде таза болады.

«Таза Қазақстан» - бір күндік сенбілік емес, ұзақ мерзімді қоғамдық мәдениет. Табиғатты аялау арқылы біз келер ұрпаққа таза әрі көрікті елді аманаттаймыз.

Нұрлыбек Даумов,

Білім беру саласының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT