«Таза Қазақстан»: «Әділет» жастары 150 тоннадан астам қоқыс жинады

«Әділет» партиясының жастар қанаты қолға алған «Таза Қазақстан» экологиялық road-эстафетасын қорытындыланды. 13-16 қазан аралығында белсенділер Ақмола, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын басып өтіп, жол бойындағы шамамен 1 800 шақырым аумақты тазалады және 150 тоннадан астам қоқыс жинады.

 

Бұл эстафета Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Оның мақсаты – аумақтарды қоқыстан тазартумен қатар, табиғатқа және қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

 

#Қазақстан #Әділет #Әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #Таза_Қазақстан

 

     

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT