«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауданымызда тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
Бұл бастама көшелерді, саябақтарды және қоғамдық орындарды қоқыстан тазартумен ғана шектелмей, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды жобаға айналды.
Акция барысында ауданның орталық көшелері, саябақтар, балалар ойын алаңдары, әлеуметтік нысандардың аулалары мен жол жиектері тазартылып, жасыл желектер күтіп-бапталуда.
Таза әрі көрікті орта қалыптастыру – тек сенбілік күндеріндегі жұмыс емес, әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.
Ж.МЫРЗА,
кент тұрғыны


