Табиғатты аялау – ортақ міндет

«Табиғатты қорғау – адамзат борышы» атты танымдық шара ұйымдастырылып, оның басты мақсаты оқушыларға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінік қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлық сезімін арттыру болды.

Шара барысында оқушыларға табиғатты қорғау тақырыбындағы бейнеролик ұсынылды. Көрсетілім арқылы балалар табиғаттың сұлулығын сезініп қана қоймай, оны сақтау мен қорғаудың маңызын ұғынды. Сонымен қатар, оқушылар табиғат тақырыбындағы суреттерді бояп, шығармашылық қабілеттерін шыңдады. Іс-шара аясында «Табиғат – тіршілік көзі» атты көрме ұйымдастырылып, жас оқырмандарға таныстырылды.

— Табиғатты қорғау – әр адамның азаматтық борышы. Осындай шаралар арқылы біз балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыра аламыз. Балалардың қызығушылығы жоғары болды,- дейді Таңдай ауылдық кітапханасының кітапханашы Еркемай Мақсотова.

Сонымен қатар, шараның қызықты бөлімдерінің бірі – «Дұрыс және бұрыс әдеттер» ойыны болды. Бұл кезеңде оқушылар табиғатқа қатысты оң және теріс әрекеттерді ажыратып, өз пікірлерін карточкалар арқылы білдірді. Балалар табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін терең түсінді.

 Мазмұнды әрі әсерлі өткен танымдық шарада оқушылар белсенділік танытып, табиғатты қорғау туралы маңызды ақпараттар алды. Мұндай игі бастамалар өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық тәрбиенің қалыптасуына оң ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT