Атырау қаласында тұрғындардан түскен шағымдарға байланысты су айдындарындағы патрульдеу жұмыстары күшейтілді.
Полиция қызметкерлері түнгі уақытта су көліктерімен серуендеу кезінде қоғамдық тәртіпті, тұрғындардың түнгі тыныштығын және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Су көлігі иелері мен тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, белгіленген тәртіпті бұзбау қажеттігі түсіндірілуде.
Полиция тарапынан профилактикалық және бақылау шаралары тұрақты түрде жүргізіледі. Қолданыстағы заңнама талаптары бұзылған жағдайда кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылатын болады.


