№49 «Келешек» мектебінің ұстаздары бос уақыттарын тиімді пайдаланып, кітапханада кітап оқуға көңіл бөлуде.
Мұғалімдер үшін кітап оқу – кәсіби білімін жетілдірумен қатар, ой-өрісін кеңейтіп, жаңа идеялар мен тың ізденістерге жол ашатын маңызды құрал. Шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен ұстаздар үнемі ізденіп, өз білімдерін толықтыруға мән береді.
Кітап оқитын ұстаз – оқушыға үлгі. Сондықтан мектеп мұғалімдерінің кітап оқуға деген қызығушылығы оқушылар арасында да оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
№49 «Келешек» мектебінде білім сапасын арттырумен қатар, ұстаздар мен оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға да ерекше мән беріледі.


