«Сарайшық Upgrade 2026»: Танымал режиссер Олжас Нұрбай Атырауда жастарға шеберлік сабағын өткізді

«Сарайшық Upgrade 2026» форумы аясында белгілі режиссер әрі продюсер Олжас Нұрбай атыраулық жастармен кездесіп, кино индустриясының қыр-сырымен бөлісті. Шара барысында ол өңір жастарының ынтасы мен форумның ерекше атмосферасын атап өтті.


Танымал отандық жобалардың авторы заманауи кино өнері мен креативті бастамалар төңірегінде өз ойын білдірді:

«Атырау бізді өте жылы қарсы алды. Бүгінгі форумның атмосферасы өте керемет, жастардың жаңа білім алуға деген құштарлығы қатты қуантады. Өзіме үлкен жауапкершілік жүктелгенін сезінемін, сондықтан қатысушылардың көңілінен шығатындай пайдалы білім беруге тырысамын.

Ал креаторларға тың идея беру мәселесіне келсек, негізінен кино индустриясында идеяның өзі осыдан елу жыл бұрын пайда болып қойған. Біздің басты міндетіміз — сол іргелі базаны жастарымызға сапалы түрде үйрету. Жалпы киноны Қазақстандағы көрерменге қалай жеткізу керек екенін жастардың тілінде қарапайым әрі түсінікті етіп түсіндіруге тырысамын», — дейді Олжас Нұрбай.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT