«Sanaly Urpaq» — жастарды жақсылыққа жетелеген жәрмеңке

Атырау қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қайырымдылықты насихаттауға бағытталған «SANALY URPAQ» жобасы аясында ауқымды этно-жәрмеңке ұйымдастырылды. Тағылымы мол шара қала әкімдігінің қолдауымен, «Атырау-Рауан» қоғамдық қоры және JOO HIGH SCHOOL ұжымының бастамасымен өтті.

7520ca7f 83c7 40a5 84e8 ba9d7c7754a1

Игі бастамаға арқау болған идея Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан «әр азамат Отанға деген сүйіспеншілігін нақты іспен көрсетуі тиіс» деген тұжырыммен үндесіп жатыр.

970e15ec a55f 40de 8c60 0c762855a37f

Жәрмеңке шымылдығы «Атырау Жастар» театрының әсерлі қойылымымен ашылып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Одан әрі дәстүрлі әншілер мен жас өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылып, ұлттық өнердің әсем үлгілері сахналанды.

39611974 9d82 4062 8246 e75d1ce8d095

Шара барысында сөз алған ұйымдастырушылар мен қолдаушылар қайырымдылықтың қоғамдағы маңызына тоқталып, жастарды білімге, ізгілікке үндейтін жобалардың қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, «Атырау Рауан» қоғамдық қоры жүзеге асырып отырған «Саналы ұрпақ» жобасының нәтижесінде соңғы жылдары көптеген оқушы жоғары оқу орындарына грант негізінде түсіп, ел болашағына қызмет ететін мамандықтарды игеріп жатқаны айтылды.

b2f92169 6405 4677 bf8b af3a792c3676

Жоба аясында түлектер Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ҚБТУ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Сулейман Демирель университеті, Astana IT University сынды еліміздің беделді оқу орындарына қабылданған.

01a2bfed d59e 483f 8351 4f4e0b7f723d

Этно-жәрмеңке аясында ұлттық тағамдар ұсынылып, қолөнер бұйымдары сатылды. Сонымен қатар, келушілерге арналған шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, балаларға арналған арнайы алаң жұмыс істеді. Ұлттық ойындар — арқан тарту, асық ату, қол күрес — көпшіліктің қызығушылығын арттырды.

ec684392 a8ea 4583 a88a 8da74899e693

Айта кету керек, «Атырау Рауан» қоғамдық қоры соңғы жылдары бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, мұқтаж отбасыларды баспанамен қамту, көпбалалы және әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету, оқушыларды біліммен қолдау бағытындағы бастамалар өз нәтижесін беруде. Сондай-ақ табиғи апаттар кезінде де қор тарапынан өңірлерге қаржылай және еріктілер көмегі көрсетілген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралар қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын нығайтып, жастарды игі істерге жетелейді.

-Қор жобалырының аясында екі мұқтаж отбасы баспаналы болды. Атырау қаласында қиын жағдайдағы төртотбасының үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Береке» жобасы аясында соңғы он жылда 7000 отбасы азық-түлік себеттерімен қамтылды. «Мектепке жол» акциясымен 7000 оқушыға мектеп құрал-жабдықтары үлестірілді. «Саналы ұрпақ» жобасы арқылы төрт жыл ішінде 150 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалып, олардың 90%-ы мемлекеттік грант иегері атанды. «Ауылға кітап» жобасы аясында облыстағы 25 мектепке заманауи жанрдағы бестселлер кітаптар сыйға тартылды,-дейді «Атырау Рауан»қоғамдық қорының директоры Әди Жоламанұлы.
Қайырымдылық шараларға белсенді қатысып жүрген жеке кәсіпкер Перизат Қанатова этно көрме-жәрмеңкеге де тыңғылықты дайындықпен келіпті. Ол бұл жолы да тәтті бәліш, торттарын әкелген. Саудадан түскен қаражат толықтай қайырымдылыққа жұмсалады.

Айбөпе САБЫРОВА
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT