Сахнада сағыныш сазы шарықтады

Атырау қаласында Д.Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен «Сағыныш» атты концерттік кеш өтті. Рухани іс-шара ұлт мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан Тұманбай Молдағалиев, Бәкір Тәжібаев, Мұқағали Мақатаев және Кеңес Дүйсекеев сынды тұлғаларды ұлықтауға арналды.

img 6536

Кеш Ықылас Дүкенұлының «Қорқыт» күйімен ашылып, Мұқағали Мақатаев жырларына жазылған «Құмған алған», «Несіне асығады?», «Мен деп ойла!», «Есіңе мені алғайсың!» әндерімен жалғасты.

Сонымен қатар, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі, Александр Зацепиннің «Тыңда!» әні, Кеңес Дүйсекеевтің «Достарым» туындысы орындалып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Оркестр сүйемелдеуімен Арман Жайымның «Қазақ әндерінен фантазия» шығармасы ұсынылды.

Кеште Алматыға арналған «Гүл Алматы» әні шырқалып, ерекше көңіл күй сыйлады. Концерт Нұрғиса Тілендиев пен Тұманбай Молдағалиевтің «Құстар әнімен» қорытындыланды.

«Сағыныш» кеші көрерменге рухани әсер сыйлап, ұлылар мұрасын жаңғыртқан мазмұнды шара ретінде есте қалды.

Ботагөз ИСАТАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT