23 тамызда Құрылтай сайлауы өтеді. Бірақ азаматтық белсенділік тек сайлау күні дауыс берумен шектелмеуі керек.
«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың пікірінше, азаматтық жауапкершілік адамның сайлау учаскесіне барған сәтінен емес, одан әлдеқайда ерте басталады.
Оның айтуынша, азаматтық белсенділік – қоғамдағы үдерістерге бей-жай қарамау, саналы таңдау жасауға дайын болу және өз болашағы үшін жауапкершілік алу.
«Азаматтық белсенділік – проблема туындаған кезде емес, жағдайға ықпал етуге мүмкіндік бар кезде басталуға тиіс», – дейді Ләззат Ибрагимова.
Ол бұл ұстанымды күнделікті өмірмен байланыстырады. Мәселен, отбасылық бюджетті жоспарлау, ұзақ мерзімді мақсат қою, тұрғын үйге қаражат жинау сияқты қарапайым қадамдар адамның өз болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастырады.
Ал өз өмірі мен отбасының болашағын жоспарлайтын азамат елде қабылданатын шешімдерге де бейжай қарамайды.
Сондықтан азаматтық белсенділік – бір күндік науқан емес. Ол күн сайынғы саналы таңдаудан басталады.


