Атырауда өтіп жатқан «Saraishyq Upgrade 2026» форумына Ресейдің Астрахан қаласынан келген қатысушылар да белсенді атсалысуда. Солардың бірі – Анастасия Корой. Ол форум аясында хип-хоп және фьюжн бағыттары бойынша шеберлік сыныбына қатысып жатыр.
Анастасияның айтуынша, форумның ашылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Әсіресе жастардың белсенділігі мен ерекше энергиясы оған үлкен әсер қалдырған.
«Мен форумға Астраханнан келдім. Хип-хоп фьюжн бағыты бойынша би шеберлік сыныбына қатысып жатырмын. Форумның ашылуы өте жоғары деңгейде өтті. Мұнда үлкен масштаб бірден байқалады. Жастардың энергиясы ерекше. Қазақстанның әсіресе, Атыраудың көзі оттай, жалынды жастарын көріп, қатты қуанып тұрмын. Сіздерден үйренеріміз көп», – дейді Анастасия Корой.
Ресейлік қатысушы келесі жылы форумға Астраханнан бұдан да көп жасты алып келуге ниетті екенін жеткізді.
«Келесі жылы шеберлік сыныбына бұдан да көп жастарымызды әкелеміз деп ойлаймын», – деді ол.
Форумның негізгі мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін арттырып, түрлі елдер мен өңірлер жастарының тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру.



