Премьер-Министрдің орынбасары Бозымбаев Атыраудағы құтқару қызметінің мүмкіндіктерімен танысты

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.

 

 Ол іссапар барысында коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жоба аясында жүзеге асырылып жатқан бірқатар нысанды аралады.

 

Жұмыс сапары Төтенше жағдайлар Департаментінің жұмысын таныстырумен басталды. Мұнда Қанат Бозымбаевқа департаменттің негізгі күштері мен құралдарының дайындығы көрсетіліп, азаматтық қорғау жүйесінің материалдық-техникалық мүмкіндіктері таныстырылды. Жедел ден қоюға арналған 9 бірлік арнайы техника көрсетілді. Бұл техника төтенше жағдайлар кезінде құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жедел жүргізуге арналған. Қазір облыстық ТЖД теңгерімінде 220 бірлік автокөлік техникасы бар. Оның 83-і – негізгі, 43-і – арнайы, 94-і – көмекші техника. Департаменттің техникалық жарақтандырылу деңгейі 80 пайызды құрайды.

 

Материалдық-техникалық базаны одан әрі нығайту мақсатында 2026 жылға жергілікті бюджеттен 1 миллиард 684 миллион теңге бөлінді. Қаражат есебінен өрт-техникалық құрал-жабдықтар, өрт сөндіру техникасы және жүзу құралдарын сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасарына облыстық су-құтқару станциясының жұмысы таныстырылды. Құтқарушылардың су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтарды құтқару және төтенше жағдайларға жедел ден қою бағытындағы қызметі көрсетілді.

 

      

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT