Перинаталдық орталықтағы аналарға киіз басудан шеберлік сағаты өтті

15 мамыр күні Атырау облыстық перинаталдық орталығында Аналар күніне орай ерекше шара ұйымдастырылды. “Теңіз жүрегі” еріктілері ұзақ мерзімді ем қабылдап жатқан аналарға қолдау білдіру мақсатында “Мейірім мен тыныштық” бөлмесінде қазақтың ұлттық қолөнері - киіз басудан шеберлік сағатын өткізді.

Іс-шара барысында аналар киізден түрлі бұйымдар жасап, ұлттық өнердің қыр-сырымен танысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар аналардың көңіл-күйін көтеріп, оларға рухани демеу береді.

Перинаталдық орталық қызметкерлері еріктілерге алғыстарын білдіріп, аналардың шараға ерекше ықыласпен қатысқанын атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын естелік ретінде өздерімен бірге алып кетті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT