"Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" апталығы аясында «Елімнің ертеңі – білімді жастар» тақырыбында топ сағаты өтті

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, зорлық-зомбылықтың алдын алу және жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру. Топ сағаты барысында білімнің маңыздылығы, заң мен тәртіпті сақтау, бала құқықтарын қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

 Студенттер өз ойларын ортаға салып, отбасындағы сыйластық пен өзара түсіністіктің қоғамның тұрақты дамуына ықпал ететін басты құндылықтардың бірі екендігін атап өтті. Сонымен қатар, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы жөнінде пікір алмасты.

Осындай тәрбиелік маңызы зор шаралар жастардың азаматтық ұстанымын нығайтып, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қауіпсіз қоғам құруға бағытталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT