ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА МҮЛДЕМ ТӨЗІМ ЖОҚ

Қоғамның тыныштығы мен отбасының амандығы – әр азамат үшін маңызды құндылық. Алайда соңғы жылдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлі түрлері жиі кездесіп, бұл мәселе қоғам назарында өткір тұрып келеді. Зорлық жасау – тек заң бұзушылық қана емес, адамның қадір-қасиетіне, құқығына жасалған қастандық.

Мемлекет деңгейінде бұл бағытта алдын алу шаралары күшейтіліп, құқықтық база жыл сайын жетілдірілуде. Полиция қызметкерлері, білім беру және әлеуметтік қорғау мекемелері бірлесіп, отбасылармен профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Дегенмен, зорлық-зомбылықты толық тоқтату үшін тек мемлекеттік органдардың жұмысы жеткіліксіз – қоғамның әр мүшесінің белсенділігі қажет.

Отбасындағы агрессия, психологиялық қысым, балаға немесе әйелге қол көтеру – бұл «жеке мәселе» емес. Бұл – қоғамдық қауіп. Әрбір азамат көрген-білгенін елемей өтпей, тиісті органдарға хабарлау арқылы біреудің тағдырын өзгерте алатынын түсінуі тиіс.

Қауіпсіз қоғам құру үшін ең алдымен зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру қажет. Балаларды кішкентайынан өзгені құрметтеуге, дау-жанжалды күшпен емес, сөзбен шешуге үйрету – ұзақ мерзімді нәтиже береді.

Зорлықсыз орта – әр отбасының бақытының кепілі. Әрбір адам қауіпсіз, еркін өмір сүруге құқылы. Біз біріккенде ғана зорлық-зомбылыққа қарсы тұра аламыз.

Г. Насиполла

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT