«Ордабасы» және «Ертіс» матчы алдында жаңа Конституцияны қолдауға арналған іс-шара өтті

Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры қарсаңында жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 

Іс-шараға мыңдаған жанкүйер жиналып, үлкен спорттық мерекенің куәсі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Концерт барысында эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

 

Сонымен қатар стадионда жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын насихаттайтын баннерлер орналастырылып, заң үстемдігі, әділетті қоғам, азаматтардың тең құқығы және мемлекет пен халықтың бірлігі туралы мазмұнды үндеулер көрсетілді. 

 

Конституция – мемлекет пен адам арасындағы қоғамдық келісімшарт Мерекелік бағдарлама жанкүйерлерді алдағы «Ордабасы» – «Ертіс» ойынына дайындап, стадиондағы атмосфераны қыздыра түсті. Матчты тамашалау үшін стадионға мыңдаған жанкүйер жиналды.

 

Жаңа Конституция отбасы институтын нығайтады

 

   

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT