№75 мекемесінде рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шығуға дайындалып жатқан сотталған азаматтармен кездесу өтті

Жиынға пробация қызметінің, жұмыспен қамту орталығының және учаскелік полиция қызметінің өкілдері қатысты. 

Кездесу барысында мамандар азаматтарға бостандыққа шыққаннан кейін заң талаптарын қатаң сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу және қайта қылмыс жасамаудың маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірді.

Сонымен қатар, әлеуметтік бейімделу, жұмысқа орналасу және пробациялық бақылау талаптары жөнінде ақпарат берілді. Кездесудің негізгі мақсаты – рақымшылықпен бостандыққа шығатын азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ету, олардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу және заң талаптарын сақтап, қалыпты өмірге оралуына жағдай жасау.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT