АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық конькишілер одағы (ISU) 2026 жылғы ISU мәнерлеп сырғанау жүлдесіне үміткерлер тізімін жариялады.
«Үздік костюм» номинациясына қазақстандық Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ұсынылды. Ол сахналық образымен және бағдарламалық костюмдеріндегі детальдарға ерекше мән беруімен ерекшеленіп отыр.
Марапаттау рәсімі 29 наурызда Прагада өтеді және Skating ISU YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Көрермендер 4 номинация бойынша («Үздік костюм», «Ең әсерлі бағдарлама», «Үздік хореограф» және «Үздік жаттықтырушы») дауыс бере алады. Әр номинацияға бір дауыс беру мүмкіндігі бар.

