Қазіргі таңда алаяқтар азаматтарды алдаудың түрлі тәсілдерін қолдануда. Соның бірі — жақын туысы болып хабарласып, шұғыл түрде ақша қаражатын сұрау.
Бейнероликте әжейге белгісіз нөмірден қоңырау түсіп, алаяқ өзін баласы ретінде таныстырады. Ол сенімге кіріп, ақша аударуды талап етеді. Алайда полиция қызметкері дер кезінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бұл алаяқтардың кезекті схемасы екенін ескертеді.
Асығыс шешім қабылдамаңыз
Ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз
Туыстарыңызға өзіңіз қайта хабарласыңыз
Бір сәттік сенім үлкен қаржылық шығынға әкелуі мүмкін.
Сақ болыңыздар!

