МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МЕКТЕБІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУДЕ  

Мемлекеттік басқару саласына қызығушылық танытқан жастардың кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында «Мемлекеттік қызмет мектебінің» студенттері мемлекеттік оргардарда өндірістік тәжірибеден өтуде.

 

Аталған мектепке іріктелген 24 студент білім беру бейініне сәйкес мемлекеттік мекемелерге тәжірибе жинақтап, мемлекеттік қызмет жүйесінің жұмысымен жақын танысуда. Тәжірибе барысында олар мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын іс жүзінде игеріп, тәжірибелі мамандардың қызмет бағытымен етене жұмыс жасап жатыр.

 

Сондай-ақ, өндірістік тәжірибе шеңберінде студенттер азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, сондай-ақ құқықтық реттеу бағытындағы жұмыстар жөнінде практикалық дағдыларды меңгеруде. Бұл кезең теориялық білімді нақты қызметтік міндеттермен байланыстыруға және болашақ мамандардың кәсіби бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Атап өту қажет, «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы ағымдағы жылы 8-айналымын жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда мектептің 7 айналымын аяқтаған 53 түлегі мемлекеттік органдарда түрлі салаларда қызмет атқаруда.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT