Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – басты назарда

Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің тиімділігі бүгінде көрсетілген қызметтердің санымен ғана емес, олардың сапасымен, қолжетімділігімен және заң талаптарының сақталу деңгейімен бағаланады. Бұл бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, заң бұзушылықтардың алдын алуға және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыстарды жүзеге асырып келеді.

 

Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде Атырау облысында бірінші жартыжылдықта 3 945 221 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 3 834 877 қызмет немесе 97,2% электрондық форматта ұсынылды. Мемлекеттік корпорация арқылы 97 885 қызмет немесе 2,5%, ал қағаз түрінде 12 459 қызмет  немесе 0,3% көрсетілді. Бұл көрсеткіштер өңірде мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің цифрлық деңгейі тұрақты сипат алып, тұрғындардың электрондық қызметтерді пайдалану деңгейі жылдан жылға артып келе жатқанын көрсетеді.

 

Жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 101 өтініш қаралды. Департменттің ықпалдасуымен тексерістер мен өтініштерді қарау нәтижесінде 127 қызмет алушының құқықтары қорғалды. 

 

Сонымен қатар,  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы ведомствоаралық жұмыс тобының екі отырысы өткізіліп, олардың қорытындысы бойынша 17 ұсыным енгізілді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен 178 ақпараттық іс-шара ұйымдастырылды.

 

Халықпен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүзеге асуда. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп облыстық «Caspian news» телеарнасында көрсетілетін «Елге қызмет» бағдарламасы арқылы тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, заңнамадағы өзгерістер және өзекті мәселелер бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 

 

Сонымен қатар, Департаменттің ұйымдастыруымен тоқсан сайын «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында 100-ден астам қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тиісті мамандармен құқықтық түсіндірме берілді .

 

Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру – үздіксіз жүргізілетін процесс. Сондықтан алдағы кезеңде де Департамент мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, заң бұзушылықтардың алдын алуға, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтуге және ең бастысы, қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының бас маманы

Нурмагамбетова Какима Асанбаевна

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT