Қазақстанның 195 ауданын автостоппен аралап жүрген саяхатшы Мәди Әлмұрат екі күн бұрын Атырауға табан тіреді.
Ол қала көркі мен жергілікті тұрғындардың қонақжайлығына тәнті болғанын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Мәди Әлмұрат қала орталығынан Махамбет ауданына дейін иығына 20 келі рюкзагын асынып, жаяу 19 шақырым жүріп өткен.
Ұзақ сапар барысында жол бойындағы инфрақұрылымның маңызы ерекше екенін айтқан саяхатшы өзіне ұнаған жанармай құю бекеттерінің бірін атап өтті.

– Осындай сапарда жол бойындағы инфрақұрылымның қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінесің. Маған ұнаған орындардың бірі – PromGaz жанармай құю бекеттері. Мұнда тек көлікке жанармай құйып қана қоймай, жолға шыққан кез келген адамға қолайлы жағдай жасалған. Таза намазхана, дәретхана, душ, дүкен – бәрі бар. Дүкендегі бағалар да қаладағы дүкендерден қымбат емес. Ұзақ жолға шыққан адамдар үшін бұл өте ыңғайлы. Ең бастысы – облысқа келген қонақтарды жылы қарсы алып, қонақжайлық танытуы көңілден шықты. Осындай сервистің еліміздің жолдарында көбейе бергенін қалаймын, — дейді саяхатшы.
Ал біз Мәдидің ел таныған сапары сәтті жалғасып, әр сапары жарқын әсер мен жақсы кездесулерге толы болсын дейміз.
Майра ЕРҒАЛИ



