Махамбет ауданында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтіп жатыр

Атырау облысының Махамбет ауданында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген басым бағыттарды талқылауға арналған кездесу өтіп жатыр.

Жиын аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде ұйымдастырылып, оған аудан тұрғындары қатысуда. Кездесуге Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Мұса Хайруллиев, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Назарбек Қосшиев және Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев қатысуда.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген ел дамуының негізгі бағыттары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер кеңінен түсіндірілуде. Сонымен қатар саяси-экономикалық жаңғыру, әлеуметтік саланы дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқылануда.
Спикерлер Жолдауда белгіленген міндеттерді іске асыруда әрбір азаматтың белсенділігі мен қоғамдық қолдаудың маңыздылығына тоқталуда.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT