Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кибералаяқтықтың алдын алу бағытында кездесу өтті

Атырау облысы полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Дәурен Мұханбеталиев Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінің қызметшілерімен кездесті.

Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың азаматтарды алдау тәсілдері және олардан сақтану жолдары туралы айтылды.

Іс-шарада жалған инвестиция, онлайн несие рәсімдеу, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық фактілері мысалға келтірілді. Сондай-ақ жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау, банк қосымшаларын пайдалану кезінде сақ болу және күмәнді жағдайларға тап болған жағдайда полицияға жүгіну қажеттігі түсіндірілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT