Күзгі аллергия: Атырауда қандай белгілерге мән берген жөн?

Атырауда күз мезгілінде жусан, алабота және циклахена секілді арамшөптердің тозаңы аллергия белгілерін күшейтуі мүмкін. Аллергияны ЖРВИ-ден ажырата білу де маңызды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мамандардың айтуынша, аллергия мен ЖРВИ дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы, әлсіздік және бұлшықеттің сырқаруы секілді белгілермен ерекшеленеді.

- Аллергия кезінде дене қызуы көбіне көтерілмейді. Оның орнына көздің қызарып, жасаурауы, мұрынның қышуы, түшкіру және мұрыннан су ағуы сияқты белгілер байқалады. Ал ЖРВИ кезінде қызу көтерілуі, тамақтың ауыруы, әлсіздік пен бұлшықеттің сырқырауы жиі кездеседі,- деді Жалпы тәжірибелі маман Гүлайхан Рахметова.

Күзгі кезеңде аллергияның қоздырғышы үй ішінде де болуы мүмкін. Ауа құрғаған кезде кілемдерде, жұмсақ ойыншықтарда және басқа да тұрмыстық заттарда шаң кенелері көбейіп, аллергиялық белгілерді күшейтеді.

Дәрігердің айтуынша, аллергияны толық жою әрдайым мүмкін болмағанымен, оның белгілерін бақылауға болады. 

- Ол үшін ең алдымен аллергия қоздыратын факторлардан аулақ болған жөн. Ал ұзақ уақыт қайталанатын немесе айқын белгілер кезінде дәрігердің бақылауымен аллергенге-арнайы иммундық терапия - АСИТ қолданылуы мүмкін,- деді Г. Рахметова.

Мамандар аллергия белгілерін өздігінен емдеуге тырыспай, нақты себебін анықтау үшін аллергологқа қаралуға кеңес береді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT