Кудряшовта көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді

Құрманғазы ауданына қарасты Кудряшов ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында игі іс жүзеге асырылды.

 

Аталған шараға Кудряшов ауылдық округі әкімінің аппараты, ауылдық клуб пен ауылдық кітапхана қызметкерлері белсене қатысты. Акция барысында қатысушылар тал көшеттерін отырғызып, ауыл аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

 

Игі бастаманың басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, ауылдың көркін арттыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар, мұндай шаралар туған жерге деген жанашырлықты арттырып, табиғатты аялауға үндейді.

 

Тазалық пен көркейту – баршаға ортақ міндет. Әрбір отырғызылған тал мен жасалған игі іс ауылдың ажарын ашып, келешек ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдыруға қосылған

үлес.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT