2026 жылдың 18 мамыр – 8 маусым аралығында өткізіліп жатқан «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы аясында Атырау қаласы Полиция басқармасы №2 қалалық полиция бөлімі қызметкерлерімен профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
Іс-шара барысында қылмыс жасағаны үшін есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, олармен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгімелер өткізілді. Сонымен қатар, үй қамағында тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, белгіленген талаптарды сақтау мәселесі бақылауға алынды.
Аталған жұмыстардың мақсаты – қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті сақтау.

