Құлсарыда жүргізуші есірткілік масаң күйде көлік басқарған

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (жүргізушінің көлік құралын есірткілік масаң күйде басқаруы), деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 

 

Сотта анықталғандай, 2026 жылғы 8 сәуірде, сағат 11:30 шамасында құқық бұзушы Р. Құлсары қаласында «LADA PRIORA» маркалы автокөлігін есірткілік масаң күйде басқарған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның «каннабиноидтар» қолдану әсерінен болған есірткілік масаң күйде болғаны расталды.

 

Сот отырысы барысында Р. өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді. Сот қаулысымен Р. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT