Мемлекет басшысының Жолдауында құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге ерекше басымдық берілді. Бұл – елдің тұрақтылығы мен азаматтардың күнделікті өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды бағыт.
Құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, цифрлық бақылау жүйелерін енгізу – қоғамдағы тәртіпті нығайтудың нақты қадамдары. Сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернеттегі құқықбұзушылықтың жолын кесу секілді міндеттер де Жолдауда анық көрсетілді.
Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңға деген құрметті күшейту – қауіпсіз қоғам құрудың басты шарты. Жолдауда жүктелген бұл бастамалар құқықтық тәртіптің сапасын арттырып, әрбір тұрғынның өзін сенімді әрі қорғалған сезінуіне мүмкіндік береді.
Жолдауда айтылған міндеттер – әділдікке, ашықтыққа және қауіпсіздікке негізделген қоғам қалыптастырудың маңызды қадамы.
Тлекова Ш
Аналар төрайымы


