«Заң мен тәртіп» мемлекеттік бағдарламасының ең басты мақсаты — тек заң бұзғандарды жазалау емес, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Құқықтық мәдениет дегеніміз — заңдарды жатқа білу , оны күнделікті өмірде саналы түрде сыйлау және орындау. Біз жиі «мемлекет тәртіп орнату керек» деп талап қоямыз, бірақ нағыз тәртіп әр адамның өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауынан басталады.
«Ұсақ» құқық бұзушылық деген болмайды
Қоғамдағы үлкен қылмыстардың көбі кішігірім ереже бұзушылықтарға көз жұма қараудан туындайды. Мұны әлемдік әлеуметтануда «қираған терезелер теориясы» (теория разбитых окон) деп атайды: егер ғимараттың бір терезесі сынып, ол жөнделмесе, көп ұзамай оның басқа терезелері де қиратылады.


