Құқықтық мәдениет – қоғам айнасы

Адамның құқықтық мәдениеті оның заңдарды қаншалықты білетінінен ғана емес, сол білімін өмірде қалай қолданатынынан көрінеді. Құқықтық сауатты азамат өз құқығын талап ете отырып, өзгелердің де құқығын құрметтей біледі. Осындай тепе-теңдік қоғамдық келісімді нығайтады.

Тәртіптің мәні тек айыппұл немесе жауапкершілікпен шектелмейді. Ол адамдар арасындағы өзара сыйластықты қалыптастырады. Уәдеде тұру, келісімді орындау, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау сияқты қарапайым әрекеттер де құқықтық мәдениеттің ажырамас бөлігі.

Құқықтық мәдениет жоғары қоғамда адамдар мәселелерді жанжалмен емес, заң аясында шешуге ұмтылады. Сондықтан бұл құндылықты бала кезден қалыптастыру – келешекте әділетті әрі жауапты азаматтық қоғамның негізін қалау деген сөз.

 Зейнегүл Қайырқызы,
еңбек ардагері,
Атырау қаласы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT