Алматы облысының Іле ауданына қарасты Байсерке ауылында «Байсерке аспаны – 2026» авиациялық мерекесі басталды. Ашық аспан астындағы шара авиация әуесқойларын, сала мамандарын, өңір тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға жинады.
Авиациялық мереке аясында өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстандағы шағын авиацияны дамыту, жастарды техникалық мамандықтарға тарту, авиациялық мәдениетті қалыптастыру және Алматы облысының туристік әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды. Жиынға «СП «Бәйтерек» АҚ басқарма төрағасы, Қазақстанның Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов, «Отан» аэроклубы қоғамдық бірлестігінің басшысы Юрий Ельцов, «Тянь-Шань» авиациялық ұшу орталығының бас директоры Владимир Анцупов және Қазақстандық шағын авиация қауымдастығының президенті Өмірбек Кеңесбаев қатысты.
Баспасөз мәжілісінде мамандар авиацияны тек кәсіби саламен шектеп қарауға болмайтынын атап өтті. Олардың пікірінше, авиация – жастардың техника мен инженерияға қызығушылығын арттырып, болашақ мамандығын таңдауға ықпал ететін маңызды бағыттардың бірі. Осы орайда көпшілікке арналған авиациялық шаралардың рөліне ерекше назар аударылды. Мұндай алаңдар тұрғындарға авиацияның мүмкіндіктерін жақыннан танып қана қоймай, осы салада еңбек ететін мамандармен тікелей жүздесуге мүмкіндік береді.
Сала өкілдері әсіресе балалар мен жасөспірімдердің ұшқыш, инженер, техник секілді мамандықтарға қызығушылығын арттыру маңызды екенін айтты. Авиациялық техниканы өз көзімен көру, кәсіби мамандармен сөйлесу және әуе кемелерінің жұмысымен танысу жастардың болашақ кәсіби бағдарын айқындауына ықпал етуі мүмкін. Сонымен қатар, жиында шағын авиацияны дамыту мәселесі көтерілді. Мамандар бұл бағытты ілгерілету үшін инфрақұрылыммен қатар қоғамда авиациялық мәдениетті қалыптастыру, әуе кеңістігінің мүмкіндіктері туралы ақпаратты кеңінен тарату және бұқаралық іс-шараларды жүйелі өткізу маңызды екенін атап өтті.
Баспасөз мәжілісінен кейін «Байсерке аспаны – 2026» мерекесінің негізгі бағдарламасы басталды. Байсерке аспанында әуе кемелері қалықтап, алаңда авиациялық техника көпшілік назарына ұсынылды. Түрлі көрсетілімдер мен танымдық бағдарламалар мерекенің негізгі бөлігіне айналды. Алматы облысының Іле ауданына қарасты Байсерке ауылында «Байсерке аспаны – 2026» авиациялық мерекесі басталды.
Ашық аспан астындағы шара авиация әуесқойларын, сала мамандарын, өңір тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға жинады. Авиациялық мереке аясында өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстандағы шағын авиацияны дамыту, жастарды техникалық мамандықтарға тарту, авиациялық мәдениетті қалыптастыру және Алматы облысының туристік әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды. Жиынға «СП «Бәйтерек» АҚ басқарма төрағасы, Қазақстанның Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов, «Отан» аэроклубы қоғамдық бірлестігінің басшысы Юрий Ельцов, «Тянь-Шань» авиациялық ұшу орталығының бас директоры Владимир Анцупов және Қазақстандық шағын авиация қауымдастығының президенті Өмірбек Кеңесбаев қатысты. Баспасөз мәжілісінде мамандар авиацияны тек кәсіби саламен шектеп қарауға болмайтынын атап өтті. Олардың пікірінше, авиация – жастардың техника мен инженерияға қызығушылығын арттырып, болашақ мамандығын таңдауға ықпал ететін маңызды бағыттардың бірі. Осы орайда көпшілікке арналған авиациялық шаралардың рөліне ерекше назар аударылды. Мұндай алаңдар тұрғындарға авиацияның мүмкіндіктерін жақыннан танып қана қоймай, осы салада еңбек ететін мамандармен тікелей жүздесуге мүмкіндік береді.
Сала өкілдері әсіресе балалар мен жасөспірімдердің ұшқыш, инженер, техник секілді мамандықтарға қызығушылығын арттыру маңызды екенін айтты. Авиациялық техниканы өз көзімен көру, кәсіби мамандармен сөйлесу және әуе кемелерінің жұмысымен танысу жастардың болашақ кәсіби бағдарын айқындауына ықпал етуі мүмкін. Сонымен қатар, жиында шағын авиацияны дамыту мәселесі көтерілді. Мамандар бұл бағытты ілгерілету үшін инфрақұрылыммен қатар қоғамда авиациялық мәдениетті қалыптастыру, әуе кеңістігінің мүмкіндіктері туралы ақпаратты кеңінен тарату және бұқаралық іс-шараларды жүйелі өткізу маңызды екенін атап өтті. Баспасөз мәжілісінен кейін «Байсерке аспаны – 2026» мерекесінің негізгі бағдарламасы басталды.
Байсерке аспанында әуе кемелері қалықтап, алаңда авиациялық техника көпшілік назарына ұсынылды. Түрлі көрсетілімдер мен танымдық бағдарламалар мерекенің негізгі бөлігіне айналды.


