Хиуаз Доспанованың штурмандық қаруы музейге қалай жеткізілді?

 Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде жасақталған Ұлы Отан соғысына арналған көрмеде ерекше назар аударатын жәдігерлердің бірі – аңызға айналған ұшқыш, «Халық қаһарманы» Хиуаз Доспановаға тиесілі бұйымдар.

 

 Көрмеде батыр қыздың әмианы, көзілдірігі, кітаптары, блокноттары және жауынгерлік штурмандық құралдары қойылған.Музей мамандарының айтуынша, бұл жәдігерлердің басым бөлігі 2000 жылдары тапсырылған. 

Сонымен қатар көрмеде Атырау өңірінен шыққан «Кеңес Одағының Батырлары» Қайырғали Смағұлов, Боран Нысанбаев, Мұса Баймұханов, Георгий Канцев, Мұқат Мусаев, Александр Афанасьев, Филипп Мазуров, Иван Махорин және «Даңқ» орденінің толық иегерлері Шүкір Еркінов, Ғизат Алипов, Евгений Полынин, Сақып Қызылов, Гаврийл Шамин, Кенжебай Мәденов туралы деректер де көпшілік назарына ұсынылған.

 

 Нұргүл Насыр

 

          

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT