№49 келешек мектебі жанындағы «Келешек» сауықтыру лагерінің қатысушылары Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия жасап қайтты.
Экскурсия барысында оқушылар туған өлкенің бай тарихымен танысып, музей қорындағы көне және құнды жәдігерлерді тамашалады. Әсіресе, өңірдің өткені мен мәдени мұрасын бейнелейтін экспозициялар балаларға ерекше әсер қалдырды.
Музей мамандары әрбір жәдігердің тарихын қызықты түрде баяндап, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Танымдық шара барысында балалар өз білімдерін толықтырып, туған жердің тарихы мен мәдениеті туралы мол мағлұмат алды.
Мұндай экскурсиялар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, туған жерге деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді.
Н. Насыр



