«Келешек мектептері»: педагог-ассистенттер инклюзивті білім беруді күшейтеді

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған маңызды тетіктердің бірі – педагог-ассистент пен жеке көмекші штаттарын енгізу.

 

Атырау облысында бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жаңа форматтағы мектептерде педагог-ассистенттер мен арнайы педагогтердің саны жыл сайын артып келеді. Бұл мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқу процесіне толыққанды қатысуына көмектеседі.

 

Мамандардың қолдауының арқасында бұрын үйде оқыған балалар мектеп ортасына бейімделіп, қатарластарымен бірге білім алуға мүмкіндік алып отыр. Бұл олардың әлеуметтену деңгейін арттыруға ықпал етеді.

 

Сондай-ақ өңірде аутизм спектріндегі балаларға арналған қолдау орталықтарының желісін кеңейту, ерте диагностикалау және кешенді сүйемелдеу жүйесін дамыту жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар «ерте жастан мамандыққа дейін» қағидатын жүзеге асыруға бағытталған.

 

Мамандардың айтуынша, «Келешек мектептері» жобасы инклюзивті білім беруді дамытудағы маңызды буынға айналып, барлық балаға тең мүмкіндік жасауға негіз қалайды.

 

    

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT