«Келешек мектептері» ұлттық жобасы білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 мектеп салу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 150-і пайдалануға беріліп, онда 146 мыңға жуық оқушы білім алуда.
Жаңа мектептерде цифрлық технологиялар кеңінен енгізіліп, жасанды интеллект элементтерін оқу үдерісіне пайдалану басталды. Сонымен қатар оқушылардың ғылыми ізденісін, шығармашылық және инженерлік қабілеттерін дамытуға басымдық берілген.
Бұл бастама оқушыларға заман талабына сай білім алуға қолайлы жағдай жасап, адами капиталдың сапасын арттыруға ықпал етеді.


