«Келешек мектеп» – сапалы білім мен жаңа мүмкіндіктер алаңы

Атырау облысында білім беру сапасын арттыруға бағытталған «Келешек мектеп» жобасы аясында оқушылардың жан-жақты дамуына және дарынды балаларды қолдауға басымдық берілуде. Жоба шеңберінде заманауи білім беру ортасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға арналған кешенді жұмыстар жүйелі жүзеге асырылып келеді.

Дарынды оқушыларды қолдау мақсатында Астана және Атырау қалаларында оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылып, республикалық және халықаралық білім сайыстарына дайындық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін арнайы біліктілік арттыру курстары өткізіліп, тәжірибе алмасу алаңдары жұмыс істеуде. 

Өңірде оқушылардың ғылыми ізденісін, шығармашылық қабілетін және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған «Инновациялық жобалар байқауы», «Менің өмірімдегі кітап», «Үздік мектеп», «Талантты ұстаз», «Дарынды оқушы» сияқты жобалар табысты іске асырылуда. Бұл бастамалар білім алушылардың өз қабілеттерін шыңдап, республикалық және халықаралық деңгейдегі жетістіктерге жетуіне мүмкіндік беріп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT