ҚМА ескертеді: Қазақстан Республикасының «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңына сәйкес, лотереяларды өткізу тек уәкілетті мемлекет айқындаған ұйымға ғана рұқсат етілген.
❗️Тиісті рұқсатсыз осындай ұтыс ойындарын ұйымдастыру әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады.
❗️Ал егер бұл әрекеттер азаматтарды алдау және олардың қаражатын иемдену арқылы жүзеге асырылса, онда бұл қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарастырылады.
Күмәнді ұтыс ойындарына сенбеңіз және «қатысу» үшін ақша аудармаңыз.

