«Қауіпсіз жол»: Атырауда мас күйінде көлік басқарған 3 жүргізуші анықталды

Бүгінде Атырау қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік жұмыстар күшейтілді. 10-12 тамыз аралығында республика көлемінде өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

 

Рейдтік іс-шара барысында Haval, Toyota RAV4 және Geely маркалы автокөліктер тоқтатылып, тексеру барысында олардың масаң күйде көлік басқарғаны анықталды. Оның ішінде екі жүргізуші алкогольдік, бір жүргізуші есірткілік масаң күйде болған. Барлық құқық бұзушыларға қатысты заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданып, көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды.

 

Полиция жүргізушілерге масаң күйде көлік басқару адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін ескертеді. Жолға шықпас бұрын жауапкершілікті ұмытпай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар!

 

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

 

          

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT