«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Атырау облысы аумағында 15-17 қыркүйек тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.



Іс-шара аясында полиция қызметкерлері отбасылық жанжалдардың алдын алу, қиын жағдайдағы отбасыларды анықтау және қажетті көмек көрсету бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Егер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз немесе куәсі болсаңыз, 102, 111 немесе 98-10-99 нөмірлеріне хабарласыңыз.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT